Қазақстан азаматтары конституциялық құқығын пайдаланып, бүкілхалықтық референдумда дауыс беруді Жапонияда бастап кетті. Токио төріндегі сайлау учаскесіне бірінші болып келген отандасымыз – "Нихон" университетінің 3-курс студенті Жібек Айдын.
"Бұл референдум – еліміздің ертеңі мен даму бағыты үшін өте маңызды қадам. Мұндай ауқымды шара халықтың пікірін ескеруге және шешімдердің ашық қабылдануына жол ашады. Мемлекет тарапынан әрбір азаматтың таңдау жасауына толық жағдай жасалған. Ал біз үшін мұндай сәтте белсенділік танытып, азаматтық ұстанымымызды көрсету – басты міндет", – дейді Жібек.
Оқи отырыңыз: Референдум - 2026: Оңтүстік Корея мен Жапонияда сайлау учаскелері ашылды
Сондай-ақ ол шетте жүрген қазақстандықтардың дипломатиялық өкілдіктер арқылы саяси науқаннан қалыс қалмағанына ризашылығын білдірді.
"Бұл – ел болашағына бейжай қарамайтын әрбір адамға берілген мүмкіндік. Бүгінгі таңдауымыз Қазақстанның нық қадаммен алға басуына септігін тигізеді деп сенемін", – деп түйіндеді сөзін жас студент.
USD:
484.9 / 487.9
EUR:
555.0 / 560.0
RUB:
5.99 / 6.11
Пікірлер
Әзірге пікірлер жоқ…