Тоқаев ұстаздарды әлеуметтік желідегі дауға емес, іске жұмылуға шақырды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Тоқаев білім саласындағы әлеуметтік желідегі дауларға қатысты пікір білдірді.

Мемлекет басшысы әлеуметтік желідегі білім саласына қатысты айқай-шу мен орынсыз даудың пайдасы жоқ екенін айтып, ұстаздарды ортақ іске жұмылуға шақырды, деп хабарлайды Ақорда.

"Білім жолы – сынағы мен қиындығы көп жол. Осы жолда табысқа жетіп, бейнеттің зейнетін көру үшін, ең алдымен, табанды еңбек ету қажет. Түптеп келгенде, бәріміздің мақсатымыз – бір, мүддеміз – ортақ екенін естен шығармаған абзал. Бұл орайда бір мәселеге арнайы тоқталып өткім келеді. Көбіңізге белгілі, әлеуметтік желіде білім саласына қатысты қызу пікірталастар болып тұрады. Кейде мұндай дау-дамайларға білім жүйесінің бұрынғы және қазіргі лауазымды тұлғалары араласып жататыны көзге түсетін болды. Өкінішке қарай, осындай тартыстар білім саласына пайдасын тигізеді деп айту қиын. Өркениетті пікірталастардың орнына айқай-шу мен даңғазаны тыңдап отыруға мәжбүрміз. Тіпті ұстаздар қауымы да ондай пікірталастардың түпкі мәнін түсіне алмай дал болуда", – деді президент.

Тоқаев балалардың болашағы үшін жанашырлық танытып, ұтымды ұсыныс айту мен көпшілікке танылу үшін пікір білдірудің ара-жігін ажырату қажет екенін атап өтті.

"Әрине, балалардың болашағы үшін алаңдап, ұтымды ұсыныстар білдіру – бір бөлек әңгіме. Ал жанашыр болып емес, жақсы атты болу үшін пікір білдіру – тіптен басқа мәселе. Өнбейтін дауды қуып, өрісімізді кеңейте алмайтынымыз анық. Қазір бос, бұрыс сөздің уақыты емес, нақты, дұрыс істің дәуірі. Осыны ескерген жөн", – деп атап өтті президент.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау