Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі жаңадан тағайындалған Төтенше және өкілетті елші Әлібек Бақаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-британ көпжоспарлы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға қатысты негізгі міндеттерді айқындады.
Президент Қазақстан мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасындағы Стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімді тиімді жүзеге асыруға ерекше назар аударды.
Мемлекет басшысы саяси диалогты жандандыруды, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуді тапсырды. Сонымен қатар энергетика, көлік, инновация және білім беру салаларындағы бірлескен жобаларды ілгерілету үшін күш-жігерді жұмылдыру қажеттігін атап өтті.