Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиадаларда жүлде алған шәкірттерді дайындаған ұстаздар мен тәлімгерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Ақорда.
Ақорданың мәліметінше, білім беру саласындағы үздік жетістіктері және Қазақстанға сіңірген еңбегі үшін бірқатар педагогке мемлекеттік награда берілді.
"Құрмет" орденімен:
- Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі Мейрамгүл Кенжеханова;
- Алматы қаласындағы №134 лицейдің мұғалімі Ирина Нестеренко марапатталды.
"Ерен еңбегі үшін" медалімен:
- Edlight Academy әдіскері Жанболат Жолгелдиев;
- Қарағанды қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі Қарлығаш Жолдыбаева;
- Haileybury Almaty мектебінің мұғалімі Владимир Жук;
- Өскемен қаласындағы Білім-инновация лицейінің мұғалімі Айгүл Сейітдәулет марапатталды.
"Шапағат" медаліне:
- Қызылорда қаласындағы Білім-инновация лицей-интернатының мұғалімі Батыр Жарқын;
- Талдықорған қаласындағы №24 лицейдің мұғалімі Меруерт Абаева;
- Павлодар қаласындағы Білім-инновация лицей-интернатының мұғалімі Олжас Әмзеев;
- Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің мұғалімі Бақыт Мамышев ие болды.
Салтанатты рәсімде халықаралық пән олимпиадаларында жүлде алған оқушылар мен студенттерге де қаржылай сыйақы берілді. Алтын медаль иегерлеріне 1500 АЕК, күміс жүлдегерлерге 1000 АЕК, ал қола медаль алғандарға 500 АЕК көлемінде сыйақы қарастырылған сертификаттар табысталды. Бұл марапаттар халықаралық олимпиадаларда жоғары нәтиже көрсеткен жас қазақстандықтар мен оларды дайындаған ұстаздардың еңбегін қолдауға бағытталған.