Тоқаев Трамптың шақыруымен Давоста Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қою рәсіміне қатысады

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Қазақстан Бейбітшілік кеңесінің құрылтайшы елдерінің бірі болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың шақыруымен Давос қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Ақорда.

"22 қаңтар күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қою рәсіміне қатысу үшін Давос қаласына жұмыс сапарымен барады", – делінген Ақорданың хабарламасында.

Еске салайық, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың ұсынысы бойынша құрылған Бейбітшілік кеңесіне қосылуға ресми шақыру алған алғашқы әлемдік көшбасшылардың бірі болды. 

АҚШ-тың Газа секторына қатысты жоспары аясында ұсынылған Бейбітшілік кеңесі аймақты уақытша халықаралық басқаруға алып, оны қалпына келтіру процесін бақылауды көздейді. 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз