Тікелей эфир

Тоқаев: Тоталитаризмнің қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді

Президент мұндай нәубеттің келешекте қайталануына жол бермеу – баршамызға ортақ парыз екенін еске салды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі ресми парақшасында 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, твит жариялады.

"Біз бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Тоталитаризмнің бұл қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді. Тарихымыздың қайғылы кезеңдерін терең зерделеп, жазықсыз жапа шеккен боздақтарды ақтау ісін жалғастыру – өте маңызды мәселе. Азалы күндерден сабақ алып, мұндай нәубеттің келешекте қайталануына жол бермеу – баршамызға ортақ парыз. Біз ауыр сынаққа төтеп берген, ұлт бірлігін сақтап қалған және асыл қасиеттерін жоғалтпаған ата-бабамыздың үмітін ақтауымыз қажет", – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.


Оқи отырыңыз: "714 мың құжат әлі құпия". Қуғын-сүргін мен ашаршылық тарихы қалай зерттеліп жатыр?


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары