Тікелей эфир

Тоқаев Си Цзиньпинді Ақордада қарсы алды

Қазіргі уақытта мемлекет басшылары шағын құрамдағы кездесуге өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинді Ақордада қарсы алды.

Мәртебелі мейманның сапарына орай Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді.

Осыдан кейін президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.

Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин кілемше бойымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына қарай жүрді. Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді. Сонан соң мейман мен президент құрметті қарауыл сапының бойымен жүрді.

Қытай басшысы құрметті қарауыл бастығымен қоштасты. Қазіргі уақытта мемлекет басшылары шағын құрамдағы кездесуге өтті.

Еске салайық, кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында күтіп алған еді.

Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы ротасы сап түзеп тұрды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары