Тікелей эфир

Қытай басшысы Си Цзиньпин Қазақстанға келді

Қонақты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әуежайдан күтіп алды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин. Фото: Ақорда

Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы ротасы сап түзеп тұрды. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай халықтарының шынайы достығының белгісі ретінде балалар екі елдің жалауын желбіретіп, қошемет көрсетті. Балалар Төраға Си Цзиньпин бастаған ҚХР делегациясына ілтипат білдіріп, қытай тілінде ән шырқады.

Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді қарсы алу рәсімі. Фото: Ақорда

 

Серіктестер жаңалықтары