Тоқаев Құрылтайдың мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлі мен жаңа құзыреттерін атады

Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Мемлекет басшысының айтуынша, Құрылтай билік тармақтары арасындағы теңгерімді нығайтады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың мемлекеттік басқару жүйесіндегі орны мен оның заңнамалық құзыреттерін кеңейту мәселелеріне тоқталды. Мемлекет басшысы жаңа институционалдық өзгерістер билік тармақтары арасындағы өзара теңгерім жүйесін нығайтатынын мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Құрылтайдың іске қосылуы мемлекеттік аппаратты жаңғыртудың жаңа кезеңі екенін және оған кадрлық тағайындауларға қатысу құқығы берілгенін атап өтті.

"Құрылтай жұмысының басталуы мемлекеттік басқару жүйесіндегі іргелі институционалдық өзгерістерге жол ашады. Себебі Құрылтай билік жүйесін қалыптастыру ісінде маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, Конституциялық сот судьялары, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері Құрылтайдың келісімімен тағайындалады", – деді мемлекет басшысы.


Оқи отырыңыз: "Тарихи сәт". Құрылтайдың алғашқы сессиясы басталды


Президент заң шығарушы органның атқарушы және сот билігін бақылау, сондай-ақ стратегиялық шешімдер қабылдаудағы нақты құзыреттеріне тоқталды.

"Депутаттар Президенттің ұсынуы бойынша Жоғарғы сот судьяларын сайлайды және қызметінен босата алады. Құрылтайға Конституциялық сот пен Жоғарғы сот судьяларын, сондай-ақ, депутаттарды құқықтық иммунитеттен айыру құзыреті берілген. Құрылтай Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның республикалық бюджет туралы есептерін бекітеді, Конституциялық соттың жыл сайынғы жолдауын тыңдайды. Бұдан бөлек, депутаттар Үкіметке сенімсіздік білдіруге, Президентке Үкіметтің жекелеген мүшелерін қызметтен босату туралы ұсыныс білдіруге құқылы. Бір сөзбен, Құрылтайға атқарушы және сот билігін қалыптастыруға, ел тағдырын айқындайтын стратегиялық маңызы бар мәселерді шешуге қатысты аса ауқымды құзырет берілді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы жүргізіліп жатқан реформалардың билік тепе-теңдігін қамтамасыз етудегі маңызын және институттарды жаңғыртудың алдағы жоспарын тілге тиек етті.

"Біз, осылайша, заң шығарушы органның ықпалын едәуір күшейттік. Бұл – билік тармақтары арасындағы өзара теңгерім жүйесі нығая түседі деген сөз. Жалпы, мемлекеттік және қоғамдық институттарды жүйелі түрде жаңғырту жұмысы жыл соңына дейін жалғасатын болады. Енді мен Құрылтайдың алдында тұрған бірқатар маңызды міндеттерге тоқталып өтейін. Бірінші. Жаңа Конституция нормаларын ескере отырып, еліміздің заңнамасына түзетулер енгізу қажет. Жаңа конституциялық жүйеге өту барысында бұрынғы Парламент негізгі билік институттарының қызметін қамтамасыз ететін бірқатар маңызды заңдарды қабылдады. Енді Құрылтай әр салаға қатысты заңнаманы мұқият саралап, олардың Конституция қағидаттарына сай болуын қарауы керек. Екінші. Құрылтай заң шығару үдерісінің тұрақтылығы мен сапасын қамтамасыз етуі керек. Бұған дейін Сенат Мәжіліс қабылдаған заңдардың Конституцияға сәйкестігін, құқықтық тұрғыдан дұрыстығын, нормалардың өзара үйлесімділігін тексеріп отырды. Бұл жұмысты жандандыру қажет", – деді Тоқаев

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау