Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы лауазымына Қошановты ұсынды

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Төраға төрт жыл мерзімге сайланады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында осы органның төрағалығына Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынды. Бұл туралы 23 қыркүйекте Ақорда хабарлады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы лауазымына Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынды", – деп жазылған Ақорда хабарламасында.

"Қазақстан Халық Кеңесі туралы" Конституциялық заңға сәйкес, Кеңес төрағасы сессия барысында төрт жыл мерзімге сайланады. Кандидатураны Президент және Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша мүшелер ұсына алады.

Төраға Халық Кеңесі мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен жасырын дауыс беру арқылы сайланады.

Еске салайық, 22 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесінің құрамын бекітті. Кеңеске 126 адам кірді.

Қазақстан Халық Кеңесі — Қазақстан халқының мүддесін білдіретін жоғары конституциялық консультативтік орган. Оның мақсаты — мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға консультативтік тұрғыдан қатысу арқылы азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы мүдделерін білдіруді қамтамасыз ету.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау