Тоқаев Қазақстан мен Лаос арасындағы ынтымақтастықты күшейтудің бағыттарын атады

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Қазақстан Лаоспен сыртқы істер министрліктері арасындағы тұрақты консультациялар тетігін іске қоспақ.

Қазақстан Лаоспен сыртқы істер министрліктері арасындағы тұрақты консультациялар тетігін іске қосуға мүдделі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос Президенті Тхонглун Сисулитпен кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында айтты.

Президенттің айтуынша, келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Лаос арасындағы ынтымақтастықтың негізгі басымдықтарын айқындайтын бірлескен мәлімдеме қабылданады.

"Біз екіжақты саяси диалогты нығайта түсуге зор мән беріп отырмыз. Осы орайда Сыртқы істер министрліктері арасындағы тұрақты консультациялар тетігін іске қосуға мүдделіміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Лаос арасындағы парламентаралық және партияаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңызын атап өтті. Осы бағытта парламентаралық достық топтарын құрып, екі ел делегацияларының өзара байланысын жолға қою қажеттігін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Лаос арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүмкіндік мол екенін атап өтті.

"Біз сауда, энергетика, цифрландыру, көлік және логистика, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және басқа да бағыттардағы ықпалдастықты күшейтуге мүдделіміз", – деді президент.

Сонымен қатар мәдениет және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты, оның ішінде академиялық алмасулар мен бірлескен зерттеулерді кеңейтуге мүмкіндік бар екенін айтты.

Мемлекет басшысы Лаос Президентінің сапары екі ел арасындағы серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге жол ашады деген сенім білдірді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау