Тікелей эфир

Тоқаев: Қазақстан экономикасы ұлттық бизнестің мүддесін қорғауы керек

Президент дамыған мемлекеттердің өзі протекционистік өнеркәсіп саясатына көшкенін еске салды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан экономикасының басқа елдерге әрдайым ашық болуы керек екенін алға тартты. Мұнымен қатар ол ұлттық бизнес мүддесінің әрдайым қорғалуы керек екенін атап өтті. 

Президенттің айтуынша, Қазақстанда ішкі нарықты қорғау деңгейі төмен. 

"Қазір көптеген елдер ішкі нарықты қорғау шараларын белсенді қолданады. Дамыған мемлекеттердің өзі протекционистік өнеркәсіп саясатына көшті. Дүниежүзілік сауда ұйымының бағалауынша, біздің елдегі ішкі нарықты қорғау деңгейі төмен, небәрі 128 тарифтік емес шара. Сондықтан біз сауда-саттық саясатында жаңа әрі батыл қадам жасауымыз керек. Мемлекет отандық өнім өндірушілерді қорғауға міндетті. Бұл – біздің экономикамыз өзгелер үшін жабық деген сөз емес. Экономикамыз басқа елдерге әрдайым ашық болуға тиіс. Бірақ ұлттық бизнестің мүддесін қорғау керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Оқи отырыңыз: Кәсіп бастауға 1,4 млн теңге қайтарымсыз грантты қалай алуға болады? Түсіндіреміз


 

Серіктестер жаңалықтары