Екі ел басшылары дайын өнімдерді қарап көріп, керамика бұйымдарын дайындау процесімен танысты.
Қазақстан мен Вьетнам президенттері керамика бұйымдарын шығаратын деревняға барды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Во Ван Тхыонг Хайзыонг провинциясында орналасқан керамика бұйымдарын шығаратын Чу Дао деревнясына бірге барды.
Фото: Ақорда баспасөз қызметі
"Екі ел басшылары дайын өнімдерді қарап көріп, керамика бұйымдарын дайындау процесімен танысты. Содан кейін президенттер арнаулы станокта қыш құмыра жасап көрді", – делінген ақпаратта.
Қазақстан мен Вьетнам президенттері деревняны аралап көргеннен кейін дайын өнімдерге және құрметті қонақтар кітабына қолтаңбаларын қалдырды.
Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Чу Дао – тарихы біздің дәуіріміздің XII ғасырынан бастау алатын керамика бұйымдарын дайындаудың көне вьетнамдық әдісі. Бұл қолөнер XIV-XV ғасырларда дамып, XVII ғасырда жоғалып кеткен. Алайда 1980-жылдары Ыстанбұлдағы Топкапы музейінен Чу Дао шеберінің қолынан шыққан құмыра табылды.
2001 жылы Ханой сауда корпорациясы осы ежелгі қолөнерді қайта жаңғыртып, көне технология негізінде толыққанды өндірісті жолға қойды.
lw-3094948329-1
Серіктестер
жаңалықтары
Мәтіндегі орфографиялық қате
"Инфополис" ЖШС, 2015 – 2025. Құқықтардың бәрі қорғалған.