Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей басшысы Владимир Путин Астанадағы Мәңгілік достық аллеясына ағаш екті, деп хабарлайды Ақорда.
"Президенттер Қазақстан мен Ресейдің мәңгі достығы аллеясында емен көшетін екті. Емен ағашы екі мемлекет арасындағы өзара құрмет, берік достық және сан қырлы ынтымақтастық символы ретінде егілді", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгін елордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин "Қазақстан мен Ресей халықтарының достығы мен тату көршілігінің жеті негізі туралы" бірлескен мәлімдемеге қол қойды.