USD: 481.1 / 486.1
  • EUR: 561.5 / 567.5
  • RUB: 6.59 / 6.71
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Қазақстан мен Ресей басшылары қауіпсіздік пен экономика мәселесін талқылады

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Тоқаев АЭС жобасына қолдау көрсеткені үшін Ресейге алғыс айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путин Ақордада шағын құрамдағы келіссөз өткізді.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысын елордаға қош келіп, бұл сапардың екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды дамытуда ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөліне тоқталды. Сондай-ақ ол екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікке қатысты жеті негіз туралы бірлескен мәлімдеменің маңызын ерекше атап өтті.

"Бұл құжат өте мазмұнды. Мен оны өзім қарап, түзетулер енгіздім. Ол екі ел тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі болады деп сенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент Қазақстанда атом электр станциясын салу жобасына тоқталып, бұл бағыттағы келісімнің стратегиялық мәні зор екенін айтты.

"Біз достас, бауырлас елдерміз. Ортақ тарихымыз, мәдени дәстүрлеріміз және халықтарымыздың менталитеті ұқсас. Бейбітшілік пен ынтымақ – басты құндылық", – деді мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келгеніне ризашылығын білдіріп, екі ел арасындағы тарихи достық пен стратегиялық серіктестіктің маңызын атап өтті.

Сондай-ақ ол өткен жылы Қазақстан президентінің Ресейге жасаған мемлекеттік сапарын еске алып, екіжақты ынтымақтастықтың дамып келе жатқанын айтты.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз