USD: 468.9 / 471.9
  • EUR: 535.0 / 540.0
  • RUB: 5.75 / 5.87
Тікелей эфир
Алматы +32C
Все города

Тоқаев Эмманюэль Макронды Францияның ұлттық мерекесімен құттықтады

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Бүгін француздар Бастилияны алу күнін тойлап жатыр.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронды ұлттық мереке – Бастилияны алу күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Ақорда жазғандай, президенттің айтуынша, бұл атаулы күн француз халқының бірлігін және еркіндік пен теңдік қағидаттарына бейіл екенін айшықтайды. Мемлекет басшысы Қазақстанның Франциямен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға баса мән беретінін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықтың даму қарқынына көңілі толатынын жеткізіп, қазақ-француз байланыстарының кеңеюіне Эмманюэль Макрон айрықша үлес қосқанын айтты.

Президент Франция көшбасшысының жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас елдің халқына бақ-береке тіледі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау