Сонымен қатар зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстан Республикасының Махачкала қаласындағы жанар-жағармай стансасында болған жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айтты.
"Орны толмас қайғыға ортақтасып, қаза тапқан адамдардың туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өз атымнан көңіл айтамын. Сонымен қатар зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", – деп жазылған жеделхатта.
Оқи отырыңыз: Тоқаев Екібастұздағы апат туралы: Азаматтарымыз сабырлық танытып отыр, бірақ оның да шегі бар
USD:
511.3 / 515.3
EUR:
594.5 / 599.5
RUB:
6.27 / 6.47