USD: 486.5 / 489.5
  • EUR: 561.5 / 566.5
  • RUB: 6.41 / 6.53
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Тоқаев боксшыларды Азия чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Фото: instagram.com/boxingkazakhstan
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan
Президент ұлттық құраманың жетістігін жоғары бағалады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан ұлттық құраманы Ұлан-Батыр қаласында өткен Азия чемпионатындағы табысты өнерімен құттықтады.

Мемлекет басшысы қазақстандық боксшылардың жалпы командалық есепте бірінші орын иеленіп, отандық бокс мектебінің жоғары деңгейін дәлелдегенін атап өтті.

Президент құттықтауында жеңіс тұғырына көтерілген спортшылардың еңбегіне ерекше тоқталды. Атап айтқанда, Оразбек Асылқұлов, Сабыржан Аққалықов, Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай, Надежда Рябец және Дина Исламбекова секілді спортшылардың ортақ жеңіске қосқан үлесі атап өтілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық былғары қолғап шеберлеріне алдағы халықаралық жарыстарда да ел намысын абыроймен қорғап, көк байрақты биікте желбірете беруіне тілектестік білдірді.

Еске сала кетейік, Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы есепте бірінші орын алып, 13 медаль еншіледі. Оның ішінде 6 алтын, 2 күміс және 5 қола жүлде бар. Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай бұл жолы алтын медаль жеңіп алып, алғаш рет Азия чемпионы атанды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз