Тоқаев бірнеше мемлекетке Қазақстанның елшілерін тағайындады

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Президент Қазақстанның Корея мен Мьянмадағы елшілерін тағайындады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше мемлекетке Қазақстанның жаңа елшілерін тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Әсет Жеңісұлы Исенали Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Мьянма Одағы Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз