USD: 488.7 / 491.3
  • EUR: 567.0 / 572.0
  • RUB: 6.47 / 6.59
Тікелей эфир
Алматы +32C
Все города

Тоқаев бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады

Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Фото: Ақорда баспасөз қызметі
2026-2030 жылдарға арналған квазимемлекеттік секторды оңтайландыру жоспары бекітілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады. Кездесу барысында Президентке "Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлықтың орындалу барысы және ведомствоның атқарған жұмыстарының қорытындысы туралы есеп ұсынылды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. 

Марат Омаров квазимемлекеттік секторды қысқарту және нарықтағы бәсекелестікті дамыту бағытындағы жүйелі шаралардың іске асырылып жатқанын баяндады.

Агенттік басшысының мәліметінше, Жекешелендіру жөніндегі Ұлттық кеңсенің тікелей қатысуымен 2026-2030 жылдарға арналған мемлекеттік меншік объектілері мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін оңтайландыру жоспары бекітілген. Бәсекелестік ортаға берілетін активтердің жиынтық кірісі 3,4 триллион теңгені құрап отыр. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалаудың нәтижесінде бір көзден сатып алу үлесі 39 пайыздан 24 пайызға дейін төмендеді. Бұл қадам жалпы бюджет аясындағы бәсекелі сатып алу үлесін 6,2 триллионнан 8,1 триллион теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Бұдан бөлек, кездесуде бизнес субъектілерінің тауар нарықтарына шығуына кедергі болатын тосқауылдарды жою, маңызды нарықтардағы өнімсіз делдалдардан арылу және цифрлық экономиканы реттеудің жаңа тәсілдерін әзірлеу жұмыстары сөз болды. Марат Омаров бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамалық түзетулердің алтыншы пакетіне де тоқталып өтті. Аталған заң жобасында монополияланған нарықтардағы бақылауды күшейтуге және экономикадағы мемлекет үлесін азайтуға бағытталған жеті жүйелі бағыт көзделген. Кездесу қорытындысы бойынша Президент Агенттік төрағасына алдағы кезеңге арналған бірқатар нақты тапсырма берді.


Оқи отырыңыз: Бас жүлде – 100 мың АҚШ доллары: Елде "Қала хикаялары" республикалық байқауы жарияланды


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз