USD: 488.7 / 491.3
  • EUR: 567.5 / 572.5
  • RUB: 6.47 / 6.59
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

Бас жүлде – 100 мың АҚШ доллары: Елде "Қала хикаялары" республикалық байқауы жарияланды

Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Байқау жұмыстары 2026 жылғы қыркүйек пен желтоқсан айлары аралығында қабылданады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі "Қала хикаялары" атты жаңа республикалық әдеби байқауды жариялады. Проза жанрына арналған байқау қазіргі Қазақстан қалаларының тыныс-тіршілігін көркем шығармалар арқылы бейнелейтін жаңа есімдерді анықтауға және қолдауға бағытталады, деп хабарлайды Мәдениет министрлігі баспасөз қызметі

Байқауға қатысушыларға қала мәдениеті, адам тағдыры, қоғамдағы өзгерістер, сондай-ақ ұлттық болмыс пен заманауи құндылықтардың сабақтастығы тақырыптарын көркем туындылар арқылы жеткізу ұсынылады.

"Әдеби байқауға Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Қатысу үшін көлемі кемінде 10 авторлық баспа табақ (бір авторлық баспа табақтың көлемі 40 мың баспа таңбасын құрайды) болатын, бұрын еш жерде жарияланбаған қала тақырыбындағы романдар қабылданады. Әр автор бір ғана шығармасын ұсына алады. Жеңімпаздарды белгілі жазушылар мен қоғам қайраткерлерінен құралған қазылар алқасы анықтайды. Қорытынды шешім ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Байқау қорытындысы бойынша үздік шығармалардың авторлары дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар жүлделі орын алған туындылар 15 мың данамен басылып, еліміздің кітапханаларына таратылады", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығына құжат қабылдау басталды


Республикалық байқау ережесіне сәйкес, жеңімпаздарға мынадай сыйақылар белгіленген:

  • бас жүлде – 100 мың АҚШ доллары;
  • I орын – 75 мың АҚШ доллары;
  • II орын – 50 мың АҚШ доллары;
  • III орын – 30 мың АҚШ доллары.

Байқау жұмыстары 2026 жылғы қыркүйек пен желтоқсан айлары аралығында қабылданады. Құжат Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 14-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мекенжайы бойынша өткізілуі қажет.

Байқауға қатысу шарттары туралы қосымша ақпаратты +7 (7172) 74 04 07 және +7 (7172) 74 04 08 телефон нөмірлері арқылы алуға болады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз