Тоқаев АҚШ халқын Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Тоқаев Дональд Трамптың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампты құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік күніне орай президент Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы бұл айтулы күнді Америка халқының табандылығы мен өршіл рухының, бостандық және демократия қағидаттарына мызғымас беріктігінің символы ретінде атап өтті.

"Мен екіжақты кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға ұмтылысымды тағы да растаймын. Сондай-ақ халықтарымыздың игілігі жолында көпжақты ықпалдастықты тереңдетуге әзір екенімді жеткіземін", – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз