Қасым-Жомарт Тоқаев министрге көлік дәліздерінің өткізу мүмкіндігін кеңейтуді тапсырды

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Кездесуде еліміздің көлік-транзит әлеуетін одан әрі арттыру шаралары талқыланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көлік министрі Нұрлан Сауранбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Кездесу барысында еліміздің көлік-транзит әлеуетін одан әрі арттыру шаралары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан аумағы арқылы жүк тасымалын ұлғайту үшін автомобиль жолдары мен авиахабтар желісін белсенді дамыту маңызды екеніне назар аударды. Сонымен қатар теміржол саласындағы ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы жүзеге асыру мәселесіне айрықша мән берілді.

Көлік-логистика секторының ІЖӨ-дегі үлесін ұлғайту мақсатында министрге кедергі келтіретін факторларды сараптап, саланы дамыту тәсілдерін қайта қарау міндеті жүктелді.

Мемлекет басшысы көлік дәліздерінің өткізу мүмкіндігін кеңейтіп, Қазақстанның Еуразиядағы негізгі сауда-логистика торабы ретіндегі рөлін нығайту үшін жан-жақты әрі тиімді шаралар қабылдауды тапсырды. 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз