Бакуде өткен грэпплингтен AIGA UWW турнирінде Төлеген Құмаровты UWW Әлемдік грэпплингті дамыту жөніндегі басшылық қызметке тағайындау туралы шешім қабылданды.
Айта кетейік, турнирге UWW президенті Ненад Лалович арнайы келді. Турнир барысында ұзақмерзімді ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылып, стратегиялық бірігу жүзеге асырылды. Ненад Лалович AIGA турнирінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын ерекше атап өтіп, команданың кәсібилігін, спортшылар құрамының мықтылығына және бұл қадам аталған спорт түрінің болашағы үшін аса маңызды екеніне тоқталды.
Жиынға Грэпплинг, панкратион және ММА комитеті төрағасы Намиг Алиев, ұйымның вице-президенті Адриан Бакос қатысты. Басқосуда отандық маман Төлеген Құмаровты UWW Әлемдік грэпплингті дамыту жөніндегі басшылық қызметке тағайындау туралы шешім қабылданды. Төлеген Құмаров AIGA (Amateur International Grappling Association) турнирінің негізін қалаушы және BJJ қара белбеуінің иегері. Ол – аталған спорт түрін Қазақстанда тұрақты дамытып келе жатқан тұлғалардың бірі.
Бұл шешім спорт түрінің әлемдік деңгейде кеңеюіндегі жаңа тарауды ашады. Күш-жігерді біріктіру, жүйелі тәсіл және AIGA турнирлерінің жоғары стандарты тұрақты дамудың берік негізін қалыптастырады.
USD:
463.1 / 465.9
EUR:
543.0 / 548.0
RUB:
6.05 / 6.17
