Мемлекет басшысы Қарулы күштердің басшылығымен кеңес өткізді.
Қазақстан Республикасының президенті – Қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысының төрағалығымен Қорғаныс министрлігінде армияны одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылығына әскери қауіпсіздіктің қазіргі жағдайын ескере отырып, Қарулы Күштердің құрылымы мен құрамын жаңғырту жөнінде тапсырма берді. Сонымен қатар заманауи цифрлық тәсілдер арқылы әскери басқару жүйесін жетілдіру қажет екеніне назар аударды.

Жиында Қазақстан әскерін заманауи әрі жоғары технологиялы қару түрлерімен, әскери техникамен қайта жабдықтау мәселелері талқыланды. Қорғаныс министрлігіне әскери күштерді пайдаланудың жаңа әдістерін енгізу арқылы жауынгерлік дайындық бағдарламасын қайта қарау тапсырылды.
Мемлекет басшысы әскери қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру, меритократия қағидаты негізінде мансапты өсіру мақсатымен әскери білім беру және кадрлық саясат жүйесін дамыту мәселелеріне баса мән берді. Президент әскери қызметшілер мен әскери қызметтің әлеуметтік мәртебесін арттыру және жастарды әскери борышын өтеуге ынталандыру қажеттігі туралы айтты.
Жиын соңында Жоғарғы бас қолбасшы мемлекеттің мүддесін және әрбір азаматтың қауіпсіздігін қорғау Қарулы Күштердің міндеті екенін атап өтті.
Оқи отырыңыз: Қазақстан тұрақты әскер саны бойынша әлемде 70-орында
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🌉 Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірде көлік қозғалысы 1 қыркүйекке дейін шектеледі
-
351
-
0
-
0
-
-
2⛵️ Жазғы демалысты қалтасы көтермейін қазақстандықтардың саны артты
-
332
-
0
-
5
-
-
3🎬 Ашаршылық туралы "Қаш" фильмі Шанхай халықаралық кинофестиваліне өтті
-
309
-
0
-
5
-
-
4✈️ "Әуе компанияларына сәлем айтыңыз". Ринат Зайытов ұшаққа домбыра алып кіруге рұқсат беруді талап етті
-
301
-
1
-
2
-
-
5👨🏭👷♂️ Біліктілігі жоқ жұмысшылардың жалақысы 2 есе артады
-
255
-
0
-
4
-
-
6Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
-
239
-
0
-
0
-
-
7🛏 Әлеуметтік осал топ санатындағы студенттердің жатақхана шығынын мемлекет төлейді
-
242
-
0
-
2
-
-
8⏺️ Қазақтың құрақ көрпесі Гиннес рекордтар кітабына енді
-
259
-
0
-
0
-
-
9😱Кісі өлтіру, зорлау, ұрып-соғу. Бес облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейген
-
252
-
0
-
1
-
-
10🎾 Қазақстандық теннисшілер Ролан Гаррос турнирінде қанша табыс тапты?
-
281
-
0
-
0
-