Қазақстан тұрақты әскер саны бойынша әлем елдерінің рейтингінде 70-орында тұр. Елде әр 10 мың адамға 40 шақты әскери адамнан келеді, деп хабарлайды Еnergyprom.kz сайты.
Қазақстан әскер саны бойынша 166 елдің ішінде 70 орында тұр. Ал қарулы күштерінің тұрақты әскер саны – 39 мың. Сондай-ақ, әскери құрылымдарда қарулы күштерге кірмейтін 31,5 мың адам жұмыс істейді. Яғни жалпы Қазақстан бойынша 70,5 мың әскери адам жұмыс істейді. Бұл есеп бойынша елдегі әр 10 мың тұрғынға 38 адамнан келеді.
ТМД елдері ішінде Қазақстанның алдында:
- Ресей – 5 орын;
- Украина – 21 орын;
- Әзербайжан – 41 орын;
- Өзбекстан – 63 орын;
- Беларусь – 64 орын;
- Армения 66 орын жоғары тұр.
Оқи отырыңыз: Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі болып тағайындалды
Ал Түркіменстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Молдова мемлекеттері Қазақстаннан төмен тұр.
2021 жылдың үшінші тоқсанындағы дерек бойынша, мемлекеттік басқару, қорғаныс және міндетті әлеуметтік қамсыздандыру саласында жұмыс істейтіндер саны 483,2 мың адам болған. Бұл былтырғыдан 1,9% аз. Әсіресе Алматы облысында (72,9 мың адам), Шығыс Қазақстан облысы мен астанада көп шоғырланған. Маңғыстау облысы бұл көрсеткіш бойынша ең соңғы орында тұр.
Еске салсақ, Руслан Жақсылықовтың қорғаныс министрі болып тағайындалғаны туралы хабарлаған едік.