Ол жаттықтырушылар өз шәкірттерін келесі деңгейге өткізгені үшін марапаттау маңызды екенін атап өтті.
Олимпиада резервін дайындаудың біртұтас жүйесін құру керек. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп жазды ҚазАқпарат агенттігі.
"Олимпиада резервін дайындаудың біртұтас жүйесін құру уақыты келді. Бұл салада түбегейлі іс-шаралар қабылдау қажет. Министрлік, Ұлттық олимпиада комитеті, әкімдіктер, ғылыми институттар мен федерациялар спортшыларды даярлау барысында өздерінің міндеттері мен рөлдерін анық түсініп, оларды тиянақты орындауы тиіс. Осы жұмысты үйлестіру министрліктің басты міндеті. Олимпиада резервін даярлау қызметін нақты деңгейлерге бөліп, әрбір деңгей үшін тиісті нормативтерді, көрсеткіштерді, жауапты ұйымдарды және қаржыландыру көздерін анықтау қажет", – деді вице-премьер Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында.
Оқи отырыңыз: "Балаларды атбегілікке баулимыз". Оралдық ұстаздар қалай ұлттық ат спортын дамытып отыр?
Осы ретте Ералы Тоғжанов қабілетті спортшылар тиісті нормативті орындағаннан кейін даярлықтың жоғары деңгейіне өтуі тиіс екендігін баса айтты.
"Жаттықтырушыларды өз шәкірттерін келесі деңгейге өткізгені үшін марапаттау маңызды. Бұл мәселемен біраз шұғылдандым. Жоғары деңгейге жеткен шәкірттерін көпшілігі өз қарамағында ұстауға ынталы. Сондықтан осындай ынталандыру жүйесінсіз нақты нәтиже де болмауы мүмкін. Осы мақсатта арнайы сыйақы да енгізу мәселесін пысықтауды тапсырамын", – деді Ералы Тоғжанов.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1✈️ Қазақстандықтарды қажылыққа апару бойынша әуе компаниялары арасында байқау жарияланды
-
272
-
0
-
0
-
-
2🏅Астаналық ардагер спортшы алты рет әлем чемпионы атанды
-
245
-
0
-
2
-
-
3🏗 Алматыда Көктөбе саябағына апаратын жаяу жүргіншілер жолының құрылысы басталды
-
260
-
0
-
0
-
-
4⛔️ Астана – Қарағанды тас жолының учаскесі уақытша жабылды
-
261
-
0
-
0
-
-
5🚫 Қазақстанда жеке құжаттардың көшірмесін жасауға тыйым салынады
-
274
-
1
-
2
-
-
6📚 Сауд Арабиясы Қазақстанға 50 мың Құран кітабын сыйға берді
-
266
-
1
-
4
-
-
7💸 Астана мен Алматыдан да қымбат: Оралда жолақы бірден 40 теңгеге қымбаттайды
-
292
-
1
-
3
-
-
8🗓️Бүгін, 29 қыркүйек тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады
-
258
-
0
-
3
-
-
9🥉🇰🇿Аян Бейсенбаев триатлоннан Ханчжоуда өтіп жатқан Азиаданың қола медалін иеленді
-
266
-
1
-
5
-
-
10📲 103 500 теңге айыппұл: Қазақстанға iPhone 15 телефондарын әкелген адам ұсталды
-
178
-
0
-
0
-