USD: 479.9 / 482.5
  • EUR: 545.5 / 550.5
  • RUB: 5.89 / 6.01
Тікелей эфир
Алматы +21C
Все города

Төрегелді Шарманов пен Илья Жақановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді

Төрегелді Шарманов сонымен бірге "Отан" орденімен марапатталды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен жазушы Илья Жақанов пен Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шармановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді. Қаулы Ақорда сайтында жарияланды. 

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін жазушы Илья Жақановқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз тапсырылады.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шармановқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылады. 


Оқи отырыңыз: Төрегелді Шарманов: Ең сұлу адам – денсаулығы жақсы адам


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау