Академик қантқа "халық денсаулығының жауы" деп баға берді.
Нутрицолог ғалым, Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов Facebook желісінде салауатты тамақтану мәселелерін қозғады.
Оның жазуынша, әлемдегі барлық өлім-жітім санының 60 пайызы дұрыс тамақтанбауға байланысты. Ал дұрыс тамақтану арқылы көптеген аурулардың барысын жеңілдетіп, асқынуына шек қойып, жаңа жағдайлардың туындауына жол бермеуге болады.
"Бірақ, осы салауатты өнімдер туралы қалыптасқан түсінігіміз қаншалықты орынды? Мысалы, қант қосылған сүт өнімдерін – түрлі йогурттерді қалыптасқан дағдымызға сай балаларға ұсынған кезде олардың денсаулығына қаншалықты пайда немесе зиян әкелетіндігі туралы ойлана бермейміз", – деп жазды академик.
Оқи отырыңыз: Төрегелді Шарманов: Ең сұлу адам – денсаулығы жақсы адам
Оның сөзінше, халық "тәтті" қанттың "ащы" зардабын татып жатыр. Сондықтан, "тәтті" деген түсінікті қанттың дәмінен ажырату қажет, себебі, қант – зиянды және уытты заттек, химия өнеркәсібі заманының жанама әсері мол, жасанды туындысы. Төрегелді Шарманов қант қосылған өнімдерді шектеп, ұлттық дәстүрлі тағам түрлерін жаңғырту қажеттігін айтады.
"Бұрынғы заманда қазақтар құртты, ірімшікті қант қоспай әзірлеген ғой, қазақтың дәстүрлі ұлттық тағам өнімінде қант болмаған", – деп жазды Төрегелді Шарманов.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты Гиннес рекордтар кітабына кірді 🥳
-
350
-
0
-
11
-
-
2🗓 26-27 сәуір Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІI сессиясы өтеді
-
314
-
0
-
0
-
-
3💰Бала күтімімен отырған ата-ана үшін зейнетақы жарнасы бюджет есебінен төленеді
-
294
-
0
-
0
-
-
4🧩 Қазақстанда балаларға арналған 50 оқу-сауықтыру және 100 ірі ойын-сауық орталығы салынады
-
310
-
0
-
0
-
-
5🔎 Қазақстанда қылмыстық іс бойынша 2,5 мыңнан астам күдіктіге іздеу салынған
-
280
-
0
-
0
-
-
6Тоқаев аралас жекпе жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады
-
271
-
0
-
9
-
-
7🔗 Биыл Қазақстанда пара беру 45%-ға өскен
-
247
-
0
-
3
-
-
8🗳 Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауының қорытындысын жариялады
-
281
-
0
-
3
-
-
9⚡️Мәжілісте 6 партияға қанша мандат берілді?
-
286
-
0
-
3
-
-
10Қазақстанда мұғалімдердің білімін бағалауға өтініш қабылдау басталды
-
264
-
0
-
0
-