Күміс монеталар "Сиқырлы нышандар" сериясын жалғастырады.
Қазақстан ұлттық банкі ÓMIR SHEJIRESI коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.
ÓMIR SHEJIRESI коллекциялық монеталары туралы
Номиналы 777 және 7 777 теңгелік алтын жалатылған ÓMIR SHEJIRESI коллекциялық күміс монеталары "Сиқырлы нышандар" сериясын жалғастырады. Әдеттегі стандартқа жатпайтын номиналдардың сандық белгілері монета өндірісінде алғаш рет қолданылып отыр.
"ÓMIR SHEJIRESI – түркі халықтарының өнерінде жиі кездесетін нышандардың бірі, екі әлемнің – Жер мен Көктің шартты-символикалық өзара байланысын білдіретін шежірелік жазу. Көне түркілердің дүниетанымында өмір ағашы жерді тамырымен ұстап тұрған, ал тәжі аспанды ұстап тұрған, онда Күн мен жарықтың символы ретінде алтын жұмыртқа салатын қасиетті Самұрық құс өмір сүрген", – делінген хабарламада.
Монеталардың сипаттамасы
Монета аверсінің орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы ою-өрнек бетінде бейнеленген. QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY ∙ REPUBLIC OF KAZAKHSTAN жазуы айналдыра жазылған. Төменгі бөлігінде – Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі мен массасы 777,5 грамдық монетада – 7777 TEŃGE, массасы 31,1 грамдық монетада – 777 TEŃGE жазуы бар. Монеталардың жоғарғы бөлігінде – соғылған жылын білдіретін "2021" жазуы, сол және оң жағында – дайындалған металды, сынамасы мен монеталардың салмағын білдіретін жазулар көрініс тапқан. Жоғарғы бөлігінде – ÓMIR SHEJIRESI жазуы бар.
Монеталардың реверсінде өмір ағашы мен алтын жұмыртқаның стильдендірілген бейнесі орналасқан. Төменгі бөлігінде ÓMIR SHEJIRESI деген жазба бар.
Монеталар:
- 925/1000 сынамды күмістен дайындалған; массаcы – 777,5 грамм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 7 777 теңгелік, таралымы – 500 дана;
- 925/1000 сынамды күмістен дайындалған; массаcы – 31,1 грамм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 777 теңгелік, таралымы – 7777 дана;
Монеталар олардың белгіленген құны бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша, сондай-ақ, банк шоттарына есептеу үшін және Қазақстан Республикасының барлық банкінде аудару, ұсақтау және айырбастау үшін қолданылады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
12,3 млн қазақстандықтың табысы тамағынан артылмайды 💸
-
419
-
2
-
1
-
-
2🌐 Қазақстан ауылдарына интернет тартуға 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалмақ
-
399
-
0
-
2
-
-
3🚫 Фейк: Отбасы банк «мемлекеттен 116 680 теңге берілуі» туралы ақпаратты жоққа шығарды
-
385
-
0
-
2
-
-
4Әскер дәрігерлерінің жалақысы артады
-
379
-
0
-
2
-
-
5Атырау облысында мектеп оқушылары төрт ауысымда оқуға мәжбүр
-
368
-
0
-
3
-
-
6Бұрынғы экология министрі Серікқали Брекешев «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды
-
368
-
2
-
3
-
-
7Солтүстік Қазақстан облысында әкімдік кәсіпкерге жасанды «әкімшілік кедергілер» құрған
-
358
-
0
-
4
-
-
8✅ Автонесие бағдарламасы 6 ақпанда басталады. Қалай онлайн өтініш беруге болады?
-
374
-
4
-
7
-
-
9Президент Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады
-
355
-
0
-
3
-
-
10Жамбыл облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
-
332
-
0
-
2
-