2025 жылы Түркістан облысы аумағынан жер алып, кәріз тазарту орталығының құрылысын бастамақ.
Шымкент іргесіндегі шағын аудан тұрғындары нәжіс иісіне тұншығып отыр, деп хабарлайды 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.
Тұрғындардың айтуынша, жергілікті билік өкілдері бұл мәселені шешуге әрекет жасамаған.
"Бүкіл Шымкенттің канализациясы осы жерге әкеп төгіледі. Оны барып көріп жатқан, құлақ салып жатқан адам жоқ. Бес жылдан бері келіп көреді, бірақ дым істемейді. Тұз шашамыз, бәрі құры уәде", – деді Шымкент қаласының тұрғыны Әлия Серікбаева.
Шымкенттегі кәріз жүйесін тазалау орнын ел арасында "Боқкөл" деп атайды. Ал оның іргесінде бір емес, бірнеше шағын аудан орналасқан. Жеке учаскеде көбіне көпбалалы отбасылар тұрады.
"Жел тұрса бүкіл Самал-3, Бекжан, Алаш, Ынтымақ, Нұршуақ-1 мына жақты басады. Жел мына жаққа ұрса, Достық, екінші Нұршуақты басады. Осы 1 ай көлемі болды, тыныстау мүмкін емес. Түнде қазір терезені ашып қалсақ, боқ иісі лап ете қалады. Мүмкін бұлар қосылатын қоспаны қоспай жатыр ма, біз білмейміз", – деді Шымкент қаласының тұрғыны Гүлжанар Жұматаева.
Оқи отырыңыз: Шымкентте қант диабетімен ауыратын науқастар тегін дәріні ала алмай жүр
Қала әкімінің орынбасарының айтуынша, 2025 жылы Түркістан облысы аумағынан жер алып, кәріз тазарту орталығының құрылысын бастамақ. Ал оның қашан аяқталары әлі белгісіз.
"Қазіргі таңда тек осы қалдықтардың бетін тұзбен көмеміз. Тұздың иісті қабылдау, сіңіріп алу қабілеті бар. Одан кейін иіс шығаратын қалдықтар жиналатын жерлердің қоршау жұмыстарын бастаймыз. Шілде айының соңына дейін қоршауды бітіреміз", – деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🎾 Бейбіт Жұқаев - Little Rock Challenger турнирінің ширек финалына шықты
-
248
-
0
-
2
-
-
2↕️ Telegram-бот 100 беттік лирикалық жинақты дыбыстады - Мақпал Жұмабай
-
256
-
0
-
3
-
-
3🤖 Қызылордада Қорқыт ата университеті жанынан жасанды интеллект мектебі ашылады
-
236
-
0
-
3
-
-
4✍️ Әр жеңімпаз 4 млн теңге сыйақы алады: Қазақстанда тұңғыш рет жас жазушылар мен ақындарға президенттік арнаулы әдеби сыйлық беріледі
-
247
-
0
-
4
-
-
5🕯🔥 "Тағы қайталана ма деп қорқамыз". Өткен қыста жылусыз қалған Екібастұз халқы қаладан көшіп жатыр
-
263
-
0
-
5
-
-
6💡 Маңғыстау облысында кәсіпкер бюджеттің 249 миллион теңгесіне көшеге жанбайтын жарық шамдар орнатқан
-
248
-
0
-
7
-
-
7🇰🇿 Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды
-
251
-
0
-
4
-
-
8😱 Ерлан Сайыров қымбатшылық туралы: Халық моншаға екі аптада бір рет қана барып жүр
-
248
-
1
-
7
-
-
9💰 Астана тұрғындарының орташа жалақысы – 357,3 мың теңге
-
222
-
0
-
2
-
-
10💸 Неге төрт балалы отбасыға берілетін жәрдемақы баласы 18 жасқа толғанда тоқтатылады. Министрлік түсіндірді
-
223
-
1
-
5
-