Тікелей эфир

Темірхан Медетбек және Исраил Сапарбай Қазақстанның халық жазушысы атанды

Бұл атақ Қазақстанда 2023 жылдан бастап қайта берілуде.

24 жылғы үзілістен кейін қайта беріле бастаған "Қазақстанның халық жазушысы" құрметті атағына биыл ақын Темірхан Медетбек, ақын, драматург Исраил Сапарбай және жазушы Валерий Михайлов ие болды. 

"Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері, ақын-жазушылар Темірхан Медетбек, Валерий Михайлов және Исраил Сапарбай "Қазақстанның халық жазушысы" атағына ие болды", – делінген Ақорда хабарламасында

Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда "Қазақстанның халық жазушысы" атағын қайтару жөнінде тапсырма берген болатын. 2023 жылы "Қазақстанның халық жазушысы" атағына белгілі қаламгерлер – Төлен Әбдікұлы, Смағұл Елубай, Бексұлтан Нұржекеев, Софы Сматаев, Ахметжан Аширов, Любовь Шашкова ие болды.

Республика күніне орай мемлекеттік наградаларға ие болған Қазақстан азаматтарының тізімін осы жерден оқуға болады:


Оқи отырыңыз: Республика күні қарсаңында ғалымдар, мұғалімдер, құтқарушылар мен өндіріс үздіктері марапатталды


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары