Тікелей эфир

Теміртауда студентті дәптермен ұрған мұғалім жұмыстан қуылуы мүмкін

Педагог қандай жазаға тартылатыны әдеп жөніндегі кеңесте шешілетін болады.

Әлеуметтік желіге таралған видеода ашулы ұстаз студенттің басынан дәптермен бірнеше мәрте ұрып жібергенін көруге болады. 16 жастағы студенттің денесіне ешқандай зақым келмеген. Жәбірленгенін айтқан шәкірт тәлімгерінің үстінен бірден арыз жазған, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

23 жастағы мұғалім қыркүйекте ғана жұмысқа тұрған. Білім басқармасындағылар келеңсіз жайтқа жол берген білім ордасының басшысы жазасыз қалмайтынын айтты. Студентке қазір психологиялық көмек көрсетілуде.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда колледж студенттері онлайн оқуы мүмкін.


"Теміртау колледжінің мәліметіне сәйкес, аталған педагогке қатысты әдеп жөніндегі кеңес өткізетін болады. Кеңестің қорытындысы бойынша жұмыстан босатуға дейінгі ең қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады. Осындай бұзушылыққа жол берген Теміртау коледжінің әкімшілігі да қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады", – деді Қарағанды облысы білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Индира Искакова.

Серіктестер жаңалықтары