Тікелей эфир

Қазақстанда колледж студенттері онлайн оқуы мүмкін

Мәжіліс депутаттары колледж студенттерінің онлайн оқу мәселесіне қатысты заң жобасын қарауға кірісті.

Балалар құқықтары жөніндегі заң жобасына кейбір өзгерістер енгізілмек, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Жоба негізінен үш мәселені қамтиды. Біріншіден, кәсіптік және техникалық білім беретін колледждерге студенттерді онлайн оқытуға мүмкіндік беруді қарастырмақ. Одан бөлек, енді бұдан былай қосымша білім беру ұйымдарын хабарлама беру негізінде ашуға жағдай жасау.

Сондай-ақ, құжатта жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығын қорғау мәселесі де көрсетілген. Осының негізінде жетімдерді қолдау үшін кәсіби отбасы институты енгізілмек.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда колледж студенттерінің стипендиясы 50% көбейді.


 

Серіктестер жаңалықтары