Тікелей эфир

Теміртауда оқушылар енді қоғамдық көлікпен тегін жүреді

Бұл жеңілдік каникул, мереке және демалыс күндері қолданылмайды.

Теміртау қалалық мәслихаты білім беру ұйымдары оқушыларының бірқатар санатына қоғамдық көлікпен 100 пайыз жеңілдікпен жүруіне рұқсат беретін шешім шығарды. Шешім жобасы Ашық НҚА порталында 18 шілдеге дейін жария талқыға ұсынылды.

Жеңілдік келесі оқушыларға жасалады:

  • қалада тұратын жалпы білім беретін орта білім беру ұйымдарының, интернаттардың оқушылары;
  • техникалық және кәсіптік білім беру оқушылары (жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен шамасынан төмен балалар, жасына байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан, бірақ қалада оқитын балалар).

Жеңілдік каникул, мереке және демалыс күндері қолданылмайды.

Еске салайық, 1 мамырдан бастап Қарағанды қаласында 18 жасқа дейінгі балалар үшін қоғамдық көлікпен қатынау тегін. Бұл үшін балалар арнайы транспорт картасын алуы тиіс.


Оқи отырыңыз: Аружан Саин: Оқушылар мектепте тегін тамақтанып, тегін форма киуі қажет


 

Серіктестер жаңалықтары