"Қайрат" футбол клубы қақпашы Темірлан Анарбековпен келісімшарт мерзімін ұзартты. Жаңа келісім 2028 жылғы 30 қарашаға дейін күшінде болады, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Темірлан Анарбеков 2003 жылғы 14 қарашада Атырау қаласында дүниеге келген. Ол 2017 жылғы қарашадан бастап "Қайрат" академиясында тәрбиеленіп, клуб жүйесінен өтті.
2020 жылы небәрі 17 жасында қақпашы Қазақстан премьер-лигасында "Таразға" қарсы матчта алғашқы ойынын өткізді.
Темірлан 2025-2026 жылдары "Қайраттың" Чемпиондар Лигасы аясындағы матчтарда ерекше көзге түсті.
Оқи отырыңыз: "Мбаппе мен Осимхенді басып озды". Темірлан Анарбеков Sofascore рейтингінде көш бастады
Темірлан Анарбеков — Чемпиондар лигасы матчының "Ең үздік ойыншысы" болған алғашқы қазақ.
USD:
503.1 / 506.1
EUR:
595.5 / 599.5
RUB:
6.53 / 6.65