Алматылық "Қайрат" клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков беделді Sofascore статистикалық порталында UEFA Чемпиондар лигасының биылғы маусымындағы ең жоғары рейтинг иегері атанды.
Портал дерегінше, маусымда 8.00 және одан жоғары баға алған бар болғаны төрт ойыншы бар. Солардың ішінде Темірлан Анарбеков 8.90 көрсеткішімен көш бастап тұр. Оның артында әлемдік деңгейдегі жұлдыздар – "Реал Мадрид" шабуылының жаңа көшбасшысы Килиан Мбаппе (8.34), "Галатасарай" форварды Виктор Осимхен (8.33) және норвегиялық "Будё-Глимт" қақпашысы Никита Хайкин (8.10) орналасқан.
Қазақстандық қақпашының жоғары нәтижесі Астанада өткен "Қайрат" – "Олимпиакос" матчындағы сенсациялық ойынымен де байланысты. UEFA бұл кездесуде Темірланды ресми түрде үздік ойыншы (MVP) деп таныды. Ол матч барысында 8 сейв жасап, оның ойыны UEFA бағалауында 9.2 баллмен бағаланған.
Темірлан Анарбековтің өнері Қазақстан футболының беделін көтеріп, халықаралық мамандардың жоғары бағасын алып отыр.
USD:
521.3 / 523.9
EUR:
611.5 / 616.5
RUB:
6.45 / 6.57