Freedom Holding Corp. басшысы Тимур Турлов БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беру барысында "Арселор Миттал Теміртау" компаниясын неліктен сатып алмағаны жөнінде айтты.
Оның сөзінше, бұл процесті ол тек әлеуметтік желі арқылы ғана бақылаған.
"Шынымды айтайын, біз Арселорды тіпті зерттеген де жоқпыз. Бұл процесті сырттай, Telegram желісінде ғана бақыладым. Маған тіпті достарым WhatsApp арқылы каска киген суретімді жолдаған болатын. Бірақ, біз процеске мүлде қатысқан жоқпыз", – деді Тимур Турлов.
Оқи отырыңыз: AMT компаниясы Қазақстандағы кәсіпорындарын 286 млн долларға сатты
Ол, сондай-ақ, қазақстандық банк секторында холдингті қызықтыра қоятындай нақты бір идея жоқ екенін де атап өтті.
"Кәсіби мүдде тұрғысынан қарағанда, нарықта біз үшін жасалуы тиімді болатындай мәміле көріп отырған жоқпыз. Бір жағынан, біз жолға қойылған қандай да бір бизнесті сатып алуға қауқары жетпейтіндей шағын компания емеспіз. Бірақ, банктер арасындағы өтімділіктің тең бөлінбеуіне байланысты біз өз дамуымызды тежеуге мәжбүрміз. Бізбен деңгейлес өзге қаржылық институтты сатып алып, екеуін біріктіру оңай шаруа емес. Әсіресе, біз секілді жоғары деңгейде автоматтандырылған қаржылық институтқа басқа банкты қосу тіпті де мүмкін емес", – деді Тимур Турлов.
Оқи отырыңыз: "Это может быть ещё один год крепкого тенге". Тимур Турлов дал прогноз по курсам доллара и рубля в Казахстане
Еске салайық, қазақстандық БАҚ пен әлеуметтік желіде "Арселор Миттал Теміртау" компаниясының жаңа инвесторы болуы мүмкін әлеуетті кәсіпкерлердің бірі ретінде Тимур Турлов аталатын. Алайда, компанияның жаңа инвесторы – Антон Лаврентьев иелік ететін Allur компаниялар тобы атанды.