Тікелей эфир

Telegram мәзіріне қазақ тілі қосылды

Бұл туралы ақпарат министрі Дархан Қыдырәлі хабарлады.

Telegram әлеуметтік желісінің мәзіріне қазақ тілі қосылды. 

"Telegram-ға iOS және Android арқылы немесе web нұсқасына кірсеңіз, қазақ тілі ресми түрде енгізілгенін көресіз. Айта кету керек, кеше ғана Сенат бекіткен "Онлайн платформа және онлайн жарнама" туралы заң жобасында да дәл осы мәселе қарастырылған. Заңнама қабылданса, енді әлемдік әлеуметтік желілер интерфейстері мен мәзірлерін қазақшалауы керек", – деп жазды Дархан Қыдырәлі.

Бұл мәселені халықаралық компаниялардың өкілдерімен кездесулерде де көтеріп жүргенін айтқан министр жаhандық желілер қазақша сөйлейтін күн алыс емес екеніне сенім білдірді.


Оқи отырыңыз: Google, WhatsApp, TikTok. Бағдарламалар тілін қалай қазақшаға ауыстыруға болады?


 

Серіктестер жаңалықтары