USD: 489.1 / 491.7
  • EUR: 566.0 / 571.0
  • RUB: 6.55 / 6.67
Тікелей эфир
Алматы +28C
Все города

Telegram арқылы ұсыныс алған: Таразда есірткі таратпақ болған шетелдік ұсталды

Фото: Рolisia.kz
Фото: Рolisia.kz
"Альфа-PVP" таратпақ болған күдікті қамауға алынды.

Жамбыл облысында синтетикалық есірткі таратпақ болды деген күдікпен 29 жастағы шетел азаматы ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірген. Жеке тінту кезінде одан ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған, қара таспамен оралған 10 түйіншек табылған.

Тексеру барысында күдіктінің ұсталған жеріне жақын орналасқан үйдің еденінен дәл осындай тағы 18 түйіншек, ал оның уақытша тұрып жатқан үйінен 109 түйіншек тәркіленді.

"Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың барлығы "Альфа-PVP" синтетикалық есірткісі болып шыққан. Есірткінің жалпы салмағы 59,01 граммды құраған. Полицияның мәліметінше, оның қара нарықтағы құны 2,7 миллион теңгеден асады. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген хабарламада.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, шетел азаматы заңсыз табыс табу туралы ұсынысты Telegram мессенджері арқылы алған. Ол алдын ала дайындалған есірткі түйіншектерін Алматы қаласынан алып, Тараз аумағында таратуды жоспарлаған.

Алайда оның әрекетінің жолын полиция қызметкерлері дер кезінде кесіп, ірі көлемдегі синтетикалық есірткінің заңсыз айналымға түсуіне тосқауыл қойды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз