Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов автоматты қайта қоңырау шалу мәселесі бойынша түсініктеме берді. Қазіргі таңда абонент телефон көтермеген жағдайда қоңырау шалынғаны туралы қысқа спам түріндегі қоңырау бірнеше мәрте келеді.
Депутат бұған дейін бұл мәселені көтеріп, Жасанды интеллект және цифрландыру министрлігіне хат жазған болатын. Бұл хатқа министрліктен жауап келген.
"Автодозвон (автоматты қайта қоңырау шалу) мәселесін министрдің алдында көтеріп, заңға түзету енгізген едік. Нәтиже бар! Қазіргі уақытта Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілуде. Жаңа ережеге сай, абонентті қабылданбаған қоңыраулар туралы SMS арқылы ғана жүзеге асырылады. Сонымен қатар, заң жобасы шеңберінде рұқсат етілмеген трафикті генерациялауға тыйым салу бойынша да арнайы түзетулер қарастырылып жатыр. Халықты мазалайтын, спамға айналған заңсыз қоңырауларға құқықтық тұрғыдан нақты тосқауыл қою маңызды", – деп жазды Асхат Аймағамбетов.

