Тікелей эфир

Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты Қазақстанның ұстанымы қандай? СІМ жауабы

Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс өңіріндегі шиеленістің күшеюіне қатты алаңдаушылық білдіруде.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров министрлікте өткен жедел брифинг барысында Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"Біз барлық қатысушы тараптарды бейбіт тұрғындар арасындағы құрбандықтан аулақ болу және аймақтағы толыққанды соғысты тудыруы мүмкін жағдайдың одан әрі нашарлауына әкелетін кез келген әрекеттен бас тартуға шақырамыз. Осыған байланысты келіспеушіліктерді тек БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық қағидаттары шеңберінде саяси-дипломатиялық жолмен шешу үшін жедел шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтеміз", – деді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Айбек Смадияровтың айтуынша, Қазақстан жағдайды тұрақтандыруға және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық қоғамдастықтың бастамаларына өзінің тұрақты қолдауын растайды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары