USD: 467.7 / 470.1
  • EUR: 534.0 / 539.0
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +22C
Все города

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Израильдегі елшілік Қазақстан халқына үндеу жолдады

Қазақстандықтар үшін апаттық байланыс желілері ашық.
Қазақстанның Израильдегі елшілігі Таяу Шығыстағы жағдайдың нашарлауы аясында бірқатар ұсыныстар жариялады. Израильдегі қазақстандықтар үшін де апаттық желі ашылды.

"Таяу Шығыстағы жағдайдың нашарлауы аясында Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігі Израильдегі барлық қазақстандық азаматтарға қауіпсіздік шараларын күшейтуді, қырағы және абай болуды ұсынады", – делінген үндеуде.

Сонымен қатар қазақстандықтарға соңғы жаңалықтарды қадағалап, елшілікпен байланыста болуға кеңес беріледі. Қазақстандықтар үшін апаттық байланыс желілері ашық.

Қазақстанның Израильдегі елшілігінің байланыс нөмірлері:

  • +972 (3) 503 78 85 (кезекші)
  • +972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp)
  • +972 55 273 38 13 (ұялы телефон, WhatsApp)
Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау