Тікелей эфир

Tax free пилоттық жобасына Шымкент қаласы қосылады

Сондай-ақ, пилоттық жоба мерзімін 2024 жылдың соңына дейін ұзарту көзделіп отыр.

Ашық НҚА порталында жарияланған қаржы министрінің бұйрығының жобасына сәйкес, Қазақстанда Tax free пилоттық жобасының географиялық ауқымын кеңейту жоспарланып отыр.

Атап айтқанда, бұл пилоттық жобаға Алматы, Астана, Түркістан қалаларымен қатар Шымкент қаласы да қосылады. Бұл өзгеріс Шымкент қаласында шетелдік және ішкі туристер санын көбейту мақсатында енгізілгелі отыр.

Сондай-ақ, 2023 жылғы 1 шілдеде аяқталуы тиіс пилоттық жоба мерзімі енді 2024 жылдың соңына дейін ұзарады.


Оқи отырыңыз: 


Еске салайық, Tax free пилоттық жобасы 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін енгізіліп, кейін бір жыл мерзімге ұзартылған болатын. Оның аясында жобаға қатысатын қалаларға келген шетелдік турист сомасы 20 айлық есептік көрсеткіштен кем емес тауарды сатып алып, ЕАЭО аумағынан тыс жерге әкеткен жағдайда, оның қосымша құн салығы өтеледі. Өтемақыны алу үшін турист кедендік бекеттке Tax free чегін көрсетуі тиіс.

Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 8 маусымға дейін. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары