USD: 477.7 / 481.7
  • EUR: 555.0 / 561.0
  • RUB: 6.41 / 6.53
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Татуаж салдырған адамның намазы қабыл бола ма? ҚМДБ жаңа пәтуа шығарды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Тату дәрет пен намазға кедергі емес, дегенмен Ислам дінінде оны денеге салу үлкен күнә болып есептеледі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесі татуажға қатысты жаңа пәтуасын жария етті. 

Ғұламлар кеңесінің түсіндіруінше, татуировка – тері астына бояуыштарды ендіру жолымен салынатын адам денесіндегі сурет. Оған шариғат рұқсат етпейді, ол – үлкен күнә. 

"Өйткені ол Алланың жаратылысын өзгерту, көзбояушылық, қанның араласуы себепті нәжіс бояумен бояу, денеге зиян беру болып саналады. Тәубе етіп, мүмкіндігі болса оны кетіруі тиіс. Егер татуировканы кетіру денеге зиян тигізіп жатса, онда оны сол күйінде қалдырады", – делінген ҚМДБ түсіндірмесінде. 


Оқи отырыңыз: Татуаж таратпасы: өкінішті көк індет пе, әлде көп-көрім сән-өрнек пе?


ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің шешімі: Денеге татуировка салу – харам, үлкен күнә. Тәубе етіп, мүмкіндік болса, оны кетіруі керек. Татуировканы кетіру денсаулыққа зиян болса, оны қалдырудың оқасы жоқ. Ол дәретке, намазға және имамдыққа кедергі болмайды.


ҚМДБ өзге де шешімдері: 


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз