Тікелей эфир

"Тәртіп қатаң болады". Садыр Жапаров Бішкектегі дүрбелеңге қатысты үндеу жасады

Қырғызстан президенті тарихтан сабақ алып, қайғылы оқиғалардан дұрыс шешім қабылдауға шақырды.

Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров Бішкек қаласында болған жаппай төбелестен кейін ел халқына бейнеүндеу жолдады. Президент болған оқиғаның мән-жайын түсіндіре келе, айыптылардың бәрі жазаланатынын мәлімдеді. 

"Құқықтық мемлекет құра білдік. Енді біз тәртіпті орнатамыз. Тәртіпсіз ешбір мемлекетте даму болмайды. Қылмыскерлерді озбыр жазалауға жол берілмейді. Жазалау үшін сот бар, билік бар. Бұл жолы осы оқиғадан үлкен сабақ алдық. Мұндай шақырулар мен арандатушылықтардан халық бірден үрейленбейді, сабақ алады деп ойлаймыз. Енді мұндай оқиға қайталанса, құқық қорғау органдары алғашқы минуттардан-ақ күшпен тарату әдісіне көшеді. Құдайға шүкір, қазір күш құрылымдары бұрынғыдай осал емес. Мемлекетіміздің тұтастығына қауіп төндіретін, бейберекеттік ұйымдастыратын өзіміздің азамат болсын, шетел азаматы болсын, аяусыз жазаланады", – деді Садыр Жапаров.


Оқи отырыңыз: Бішкектегі тәртіпсіздік: зардап шеккен 41 адам ауруханаға түсті 


Президенттің сөзінше, қазіргі таңда Қырғызстанда 6300-ден астам жұмыс орны бос. Ал алдағы жылдары тағы ондаған мың жұмыс орны ашылады деген жоспар бар. 

"Бұл жұмыстарға отандастарымыз бармағандықтан, кәсіпкерлеріміз шетелдік еңбек мигранттарын шақырып, келісім-шарттар жасап, жұмыс істеуге мәжбүр. Енді олар жұмысын тоқтатып, жұмысшы жетіспейтін болса, қазір өмірге келіп жатқан кәсіпорындар тоқтап қалады. Кәсіпорындар банкротқа ұшырайды. Экономикамыз көтерілмей-ақ төмендейді. Мұны естен шығармауымыз керек", – деді Садыр Жапаров.

Серіктестер жаңалықтары