Прямой эфир Новости спорта

Таразда жазушы Несіпбек Дәутайұлының мемориалды мұражайы ашылады

Несіпбек Дәутайұлы биыл 29 тамызда өмірден өткен болатын.

Ақын Маралтай Райымбекұлы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет орденінің иегері, жазушы Несіпбек Дәутайұлының мемориалды мұражайы ашылатынын хабарлады. Мұндай ұсыныспен облыс басшылығына Қазақстан Жазушылар одағы шыққан болатын.

"Тараз шаһарының жүрегі Шаxристандағы Шерxан Мұртаза ағамыздың мұражайының қатарынан ардақты Несіпбек ағамыздың да мұражайы орын тебетін болды", – деп жазды Маралтай Райымбекұлы.

Сондай-ақ, қалада жазушының ескерткішін орнатуға ұсыныс айтылды.

Несіпбек Дәутайұлы ұзақ жылдар "Жамбыл" әдеби-көпшілік журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының Жамбыл облыстық филиалының директоры қызметтерін атқарды. Жазушы "Ақ көгершін", "Алма ағашының бұтағы", "Әнім сен едің" повестері, "Құдірет пен қасірет" романы арқылы танымал. Оның "Көгілдір көйлекті келіншек", "Ойынды еті он бөлек" кітаптары, екі томдық шығармалар жинағы жарық көрген.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары