Танымал ақын Серік Қалиев өмірден өтті

Ол 51 жаста болатын.

Белгілі қаламгер, айтыскер ақын Серік Қалиев қайтыс болды. Ақпаратты журналист Ардақ Байғабыл растады.

"Бүгін Қазақ елінің ақыны, керемет тұлға, асыл ағам Серік Қалиев бақилық болды. 30 күн оразасын ұстап, шәууаль айының 6 күндік оразасын түгендеп, Құптан намазына бара жатқан жерінде ағамызды жолда көлік қағып кетті", – деп жазды ол.

Ақын Серік Қалиев

Серік Қалиев – Айтыскер ақын.Ол Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Амангелді ауылында дүниеге келген. 1983-1995 жылдары облыстық, республикалық ақындар айтысына қатысып, жүлделі орындарды иеленді.

"Отыз тістен шыққан сөз", "Ақ моншақ", "Жұлдыз сезім", "Егіздің сыңары" шығармаларының авторы.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары