Тамыз айынан бастап Қазақстаннан Түркияның астанасы Анкараға күн сайын тікелей ұшуға мүмкіндік туады. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, халықаралық әуе бағыттарының географиясын кеңейту және қолданыстағы рейстердің санын көбейту жұмыстары жалғасып жатыр.
Осыған сәйкес, түркиялық AJET әуе компаниясы Астана–Анкара және Алматы–Анкара бағыттарындағы рейстер санын аптасына екі реттен жеті рейске дейін арттырады. Нәтижесінде екі бағыт бойынша да ұшақтар күн сайын қатынайтын болады.
Министрліктің мәліметінше, рейстер санының көбеюі Қазақстан мен Түркия арасындағы іскерлік байланыстарды, сауда-экономикалық ынтымақтастықты және туристік алмасуды дамытуға ықпал етеді.