USD: 471.1 / 473.7
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.91 / 6.03
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Қазақстаннан Үрімші мен Ыстықкөлге тікелей рейстер ашылды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Отандық лоукостер екі жаңа халықаралық бағытты іске қосты.

Қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы Қытай мен Қырғызстанға жаңа халықаралық рейстерді іске қосты. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан халықаралық әуе бағыттарының географиясын кеңейту және рейстер санын арттыру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып келеді.

"2026 жылғы 26 маусымнан бастап FlyArystan Ақтау – Үрімші бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындай бастады. Ұшақтар аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері Airbus A320 әуе кемелерімен қатынайды. Ал 3 шілдеден бастап Астана – Ыстықкөл бағыты бойынша жаңа тұрақты рейстер іске қосылды. Бұл бағыттағы рейстер де аптасына екі рет – дүйсенбі және жұма күндері Airbus A320 ұшақтарымен орындалады", – делінген хабарламада.

Көлік министрлігінің мәліметінше, жаңа халықаралық бағыттардың ашылуы Қазақстанның Қытай және Қырғызстанмен сауда-экономикалық, туристік, іскерлік және гуманитарлық байланыстарын нығайтуға, сондай-ақ жолаушылар үшін халықаралық сапар мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау